15 Желтоқсан, Жексенбі

Қазақстандық бала атақты Мохаммед Салахпен бірге жаттығу істеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық бала Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогының матчы алдында «Ливерпульдің» жаттығу жиынына қатысты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аяқсыз дүниеге келген Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогының матчы алдында «Ливерпульдің» жаттығу жиынына қатысып, Мохаммед Салахпен бірге жаттығу істеді.

Әли Тұрғанбеков Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол жеті жасында Андрей Малаховтың бағдарламасына қатысып, сол жерде алғаш рет Вуйчичпен кездесті.
Айта кетейік, Әли осыған дейін Диего Марадона, Лионель Месси, Андрей Шевченко секілді әлем футболының жарқын жұлдыздарымен де кездескен болатын.

«Ливерпуль» мен «Челси» арасындағы УЕФА Суперкубогы үшін матч елорда уақыты бойынша тамыздың 14-нен 15-не қараған түні сағат 01:00-де өтеді.

Бөлісу

.