12 тамыз, Сәрсенбі

Айдос Ербосынұлы чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы чемпиондық атағын сәтті қорғады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы Аустралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.  Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз  жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша, ол чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.

Айта кетейік, қазір Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша өз салмағында әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында.

Бөлісу

.