26 тамыз, Дүйсенбі

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық Зарина Дияс Цинциннати (АҚШ) WTA турнирінің екінші айналымына шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған Зарина Дияс бастапқы кездесуін «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 мәрте жеңімпазы, атақты америкалық Серена Уильямспен өткізуі тиіс болатын. Алайда Уильямс жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты. Ұйымдастырушыларға аяқ астынан америкалық, әлемнің 56-ракеткасы Джессика Пугеланы шақыруына тура келді.

Орталық кортта өткен матчтың бірінші партиясын қарқынды бастаған Зарина 5:0 есебімен алға шықты. Осыдан кейін сетті қиналмай бітіруге болатын еді. Әйтсе де Зарина бірнеше сет болды пайдалана алмады. Америкалық теннисші таразы басын теңестіріп үлгерді. Дегенмен Зарина Дияс қайратына қайта мініп, қатарынан қос геймді ала білді — 7:5. Екінші партияда да Зарина есесін жібермеді — 6:4. Бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Бөлісу

.