УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» командалары арасындағы ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Кездесу 14 тамыз — сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Түркияның Ыстанбұл қаласындағы 43500 адам сиятын «Водафон Арена» стадионында өтеді. Басталуы — 00:45.
Еске салайық, «Ливерпуль» өткен маусымда Чемпиондар Лигасының финалында «Тоттенхэмді» 2:0 есебімен ұтып жарыс жеңімпазы атанды, ал «Челси» Еуропа Лигасы финалында «Арсеналдан» басым болды — 4:1.