15 Желтоқсан, Жексенбі

«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар лигасының 1/16 финалына өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» топтық кезеңнің үшінші ойынында Финляндияның ПК-35 командасын ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық команданың қатарынан Мисози Зулу, Екатерина Бабшук, Рейчел Кундананджи және Мария Илич көзге түсті. Қарсыластың тарапынан Вера Саастомойнен бір гол соқты.

ПК-35 (Финляндия) — «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) — 1:4 (0:2)

Голдар: Вера Саастомойнен 90+2 — Мисози Зулу 23, Екатерина Бабшук 38, Рейчел Кундананджи 60, Мария Илич 62

13.08.2019. Кадриорг, Таллин.

Іріктеу кезеңінің үш ойынында жеңіске жеткен «БИІК-Қазығұрт» топтан бірінші орынмен шығып, турнирдің 1/16 финалына жолдама алды. Келесі айналымның жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында 16 тамыз күні өтеді.

Бөлісу

.