26 тамыз, Дүйсенбі

Қазақ футболшысы мансабын еуропалық командада жалғастыруы мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан мансабын шетелде жалғастыруы мүмкін, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

26 жастағы футболшы осы қыста «Қайратпен» келісімшартының мерзімі аяқталысымен Болгарияның көшбасшысы — «Лудогорецке» ауысуы мүмкін. Разград қаласының командасы соңғы сегіз жыл бойы чемпион атанып келген. Сондай-ақ екі мәрте Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде, үш рет Еуропа лигасының плей-офф сынында бақ сынаған.

Бауыржан Исламхан «Қайраттың» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Оған дейін «Тараз», «Астана» және ресейлік «Кубань» командаларында доп тепкен.

Бөлісу

.