18 қараша, Дүйсенбі

Қазақстандық Әли чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Әли Балоев ресейлік Евгений Тищенконы жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

— Қыркүйек айында Әли Балоев Қазақстанда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Қашан және қай қалада өтетінін жақын уақытта хабарлаймыз. Бәске чемпиондық белбеу тігіледі, қарсыласы қарымды болады!, — деп мәлімдеді MTKGlobal Қазақстан промоутерлік компаниясы.

Бұған дейін Әли Балоев ресейлік боксшы Евгений Тищенконы жекпе-жекке шақырған болатын. Евгений Тищенко қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. 2016 жылы өткен Олимпиада ойындарының финалында қазақстандық боксшы Василий Левит Евгений Тищенкоға төрешілердің даулы шешімімен есе жіберген болатын.

Айта кетейік, Әли Балоев соңғы жекпе-жегін 6 шілде күні  Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде Хэмилтон Вентурамен жұдырықтасып, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Бөлісу

.