26 тамыз, Дүйсенбі

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kzпорталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының  Американың Лос-Анджелес қаласында, Banc of California стадионында өтетін жекпе-жегін «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. QazSport телеарнасы тікелей эфирді 18 тамыз күні таңертең  көрсетеді. Жәнібек канадалық  Стюарт МакЛелланмен жұдырықтасады. Стюарт кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізіп, соның тек үшеуінде ғана жеңілген.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде  мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Головкиннің салмағында жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы WBС тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылған болатын. Ал оның алдында WBО рейтингінде ТОП-15-ке енген еді.

Бөлісу

.