26 тамыз, Дүйсенбі

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы тәжірибелі пуэрторикалықпен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

WBC Asia және NBA Intercontinental чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың (10-0, 8 КО) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АҚШ-тың Корона қаласында 23 тамыз күні өтетін бокс кешінде Бобыржан Момынов пуэрторикалық Хавьер Флореспен (14-2, 12 КО) жұдырықтасады. 33 жастағы боксшы 16 жекпе-жегінің тек екеуінде жеңіліс тапқан. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланып отыр.

Айта кетеік, Бобыржан Момынов соңғы жекпе-жегін 23 наурыз күні өткізді. Ол 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қарсыласы америкалық Джонатан Стилді (9-3-1, 6 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірді.

Бөлісу

.