18 қараша, Дүйсенбі

Путинцева «Ролан Гаррос» чемпионын жеңді 

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
Әлемнің 42-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен турнирде «Ролан Гаррос» турнирінің 2017 жылғы чемпионын жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kzпорталы.  
Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирде WTA рейтингінің 75-інші орнында тұрған, 2017 жылы «Ролан Гаррос»-тың чемпионы атанған Елена Остапенконы жеңді. Үш сеттегі есеп — 6/2, 6/7(3), 6/3. Матч 2 сағат 24 минутқа жалғасты. Осы уақытта 24 жастағы Путинцева бес эйс орындады, допты беру кезінде екі рет қателікке бой алдырып, сегіз брейк-пойнтты іске асырды. Ал оның 22 жастағы қарсыласы допты екі рет алаңнан асырып берді, қосарланған 15 қателікке жол беріп, төрт брейк жасады. Бұған дейінгі жеке кездесудегі есеп 1:1 болған еді.

Western & Southern Open турниріндегі Путинцеваның келесі қарсыласы америкалық спортшы Слоан Стивенс болады.

Бөлісу

.