26 тамыз, Дүйсенбі

Чемпиондық атақтарын Аустралияда қорғайтын қазақ боксшылары салмақ өлшеуден өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4КО) пен  Айдос Ербосынұлы чемпиондық атақтарын қорғайтын Аустралиядағы жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kzпорталы.

Бірінші орта салмақта WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев  пен WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы чемпиондық белбеулерін қорғайтын жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшну рәсімінен өтіп, қарсыластарымен көз арбасты. Қос боксшы 14 тамыз күні Сиднейде болатын бокс кешінде сынға түседі. Нұрсұлтан  жергілікті боксшы Стив Гагомен жұдырықтасса,  Айдос та жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, қазір Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша өз салмағында әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында.

Бөлісу

.