19 қыркүйек, Бейсенбі

Зарина Дияс жүлде қоры 3 млн долларды құрайтын турнирге жолдама алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық Зарина Дияс Цинциннатиде (АҚШ) негізгі турнирге жолдама алды,– деп xабарлайды Qsport.kz порталы. 

Әлемнің 79-ракеткасы Зарина Дияс іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 55-орындағы америкалық Джессика Пегуламен кездесті.  Үш сағатқа жуық созылған матч өте тартысты өтті. Бірінші партияда тай-брейкте Д.Пегула басым түсті – 7:6 (7:4). Екіншісінде З.Дияс есе қайырды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияны қазақстандық теннисші жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша З.Дияс жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды. Зарина онда әлемнің бұрынғы бірінші, қазір 10-ракеткасы, атақты Серена Уильямспен шеберлік байқасады.

Бөлісу

.