7 сәуір, Сейсенбі

Қазақ спортшысы өзбекстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Мұратбек Қасымбай өзбекстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Мұратбек Қасымбай Құлсары қаласында аралас  жекпе-жектен «NFC-20 Qulsary» халықаралық турнирінде сынға түсіп, жеңіске жетті. 66 келі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз өзбекстандық Нурсултан Косбатыровқа (3-1) қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші раунда қарсыласын жойққын соққының астына алып, нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Мұратбек спорттық мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Naizа Fighting Championship қазіргі таңда аралас жекпе-жектен еліміздегі үздік тұжырымдардың бірі болып саналады.

Бөлісу

.