26 тамыз, Дүйсенбі

Қазақ боксшылары чемпиондық атақтарын қорғау үшін Аустралияға аттанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4КО) пен  Айдос Ербосынұлы чемпиондық атақтарын қорғау үшін Аустралияға аттанды, – деп хабарлайды Qsport.kzпорталы.

Бірінші орта салмақта WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев  пен WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы чемпиондық белбеулерін қорғау үшін  Аустралияның Сидней қаласына аттанды. Қос боксшы 14 тамыз күні Сиднейде болатын бокс кешінде сынға түседі. Нұрсұлтан  жергілікті боксшы Стив Гагомен жұдырықтасады. 30 жастағы боксшы бұған дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Айдос та жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Отандасымыз соңғы жекпе-жегінде Лукас Ндафолумен (16-2, 6 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, қазір Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша өз салмағында әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында.

Бөлісу

.