26 тамыз, Дүйсенбі

Қазақстан еурокубок рейтингінде жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елордалық «Астана» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Мальтаның «Валлетта» командасын жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ел чемпиондары қарсыласының қақпасына 5 гол тоғытты. Рунар Мар Сигурьонссон дубль авторы атанса, Марин Томасов пен Юрий Логвиненко және Ренгело Янга бір-бір голдан соқты. Осы жеңістен соң Қазақстан 2019/20 жылғы еурокубок маусымының рейтингінде екі сатыға жоғарылады. Қазір Қазақстан тізім 2,375 ұпаймен 12-ші сатыға жайғасқан.

Еурокубок рейтингі

1. Шотландия — 3,375
2. Швеция — 3,125
3. Норвегия — 2,875
4. Кипр — 2,750
5. Испания — 2,714
6. Англия — 2,714
7. Германия — 2,714
8. Италия — 2,714
9. Румыния — 2,625
10. Венгрия — 2,625

12. Қазақстан — 2,375.

Бөлісу

.