18 қараша, Дүйсенбі

Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

0

Кувейтте жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сейтенов Батырхан мен 70 келіде Ердос Шәріпбек Азия чемпионы атанды. Виктор Литвинов (61 келі) болса күмісті қанжығалады.

Ал қола медальдарды Дамир Байпақов (37 келі), Әмір Сейілхан (40 келі), Бақтияр Анарбаев (43 келі), Дархан Нұржігіт, Сұлтан Молдаш (49 келі), Жасұлан Абдолда (55 келі) және Жандос Ерсұлтанов (64 келі) жеңіп алды.

Қоржынына 10 медаль түскен Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша жалпы есепте екінші орынға жайғасты.

Бөлісу

.