26 тамыз, Дүйсенбі

Қанат Ислам күзде жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Исламның (26-0, 21 КО) кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қанат екі жылдық үзілістен соң шаршы алаңға қайта оралып, доминикалық нокаутшы Хулио де Хесусты (26-1, 24 KO) жеңген болатын. Енді «Қазақ»  күзде жекпе-жек өткізуі ықтимал:

— 26-шы қазанға жоспарланған жекпе-жекке дайындығымды бастап кеттім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Алматыға менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес келді. Бокста көп нәрсені үйреткен осы кісі. Біз онымен үлкен жолды жүріп өттік. Енді алдымда мақсатым айқын. Алматыны Орталық Азияның ғана емес, әлемнің бокс мекеніне айналдырғым келеді. Баршы әлемге біздің әдемі қаланы, әдемі тауы мен табиғатын көрсеткім келеді, — деді Қанат Ислам.

Еске салайық, 34 жастағы қазақстандық боксшы 5 шілде Алматы қаласында екі жылға жуық ұзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралды. Отандасымыз  доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты (27-2, 24КО) 10 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Бөлісу

.