26 тамыз, Дүйсенбі

Головкин мен Деревянченко әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасатын болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында ұйымның вакантты белдігі үшін жекпе-жек өткізуді мақұлдады,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин IBF тұжырымының белбеуіне таласу үшін шаршы алаңға қайта оралады. Қос спортшы 5 қазан күні Madison Square Garden-де жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. DAZN платформасы отандасымыздың 5 қазан күні шаршы алаңға оралатынын растады.

Естеріңізге сала кетейік, IBF ұйымы 1 тамыз күні Сауль Альваресті Деревянченкомен сәтсіз келіссөздерінен кейін чемпиондық атағынан айырған болатын.

Головкин IBF титулына 2015 жылдан 2018 жылға дейін иелік еткен. Кейін отандасымыз да дәл осы Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін белдігінен айырылған еді.

Бөлісу

.