18 қараша, Дүйсенбі

Қазақ балуаны өзбек қарсыласын ұтып, әлем чемпионы атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Саматбек Ізімғали Болгарияның София қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында грек-рим күресінен жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Саматбек Ізімғали Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Грек-рим күресінен сынға түскен отандасымыз қарсыластарын қоғадай жапырып, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Саматбек алғашқы алғашқы айналымда кадеттер арасында Еуропа чемпионы Фарид Садихлиді 15:4 есебімен жеңді. Одан кейін Үндістан, Иран және Өзбекстан балуандарын бірде-бір ұпай бермей ұтты. Ал Финалда өзбек балуаны Асадбек Бахрамовты жамбасқа алып ұрып, жауырынын жер иіскетті.

Айта кетейік, 4-7 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Азия чемпионатында да Саматбек чемпион атанған болатын.

Бөлісу

.