26 тамыз, Дүйсенбі

ФИФА «жыл ойыншысына» үміткерлерді атады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

ФИФА жылдың үздік футболшысына табысталатын The Best сыйлығына үміткерлердің тізімін жариялады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Үздіктер тізіміне «Ливерпульдің» үш бірдей ойыншысы — Садио Мане, Мохаммед Салах пен Вирджил ван Дейк, «Барселонадан» Френки де Йонг пен Лионель Месси, «Ювентустен» Криштиану Роналду мен Маттейс де Лигт, «Тоттенхэмның» шабуылшысы Гарри Кейн, «Реалға» енді ғана ауысқан Эден Азар және ПСЖ-ның жас футболшысы Килиан Мбаппе енді. Тізімге өткен жылы үздік ойыншы атанған Лука Модричті кірмеген.

Ал қыздар арасында үздіктерді мына тізімнен анықтайды: Меган Рапино, Алекс Морган, Джули Эртц, Роуз Лавель және басқалары. «»

Жылдың үздік жаттықтырушысына үміткерлер: Джамель Бельмади (Алжир құрамасы), Дидье Дешам (Франция құрамасы), Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Юрген Клопп («Ливерпуль»), Марсело Гальярдо («Ривер Плейт»), Рикардо Гарека (Перу құрамасы), Маурисио Почеттино («Тоттенхэм»), Фернанду Сантуш (Португалия құрамасы), Эрик тен Хаг («Аякс») және Тите (Бразилия құрамасы).

Үздіктер 23 қыркүйек күні Милан қаласындағы «Ла Скала« опера театрында анықталатын болады. Өткен жылы Лука Модрич, Дидье Дешам, Марта мен Рейнальд Педрос үздік атанған болатын.

Бөлісу

.