26 тамыз, Дүйсенбі

«Манчестер Юнайтед» «Барселонаның» қорғаушысын сатып алмақ

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Манчестер Юнайтед» каталондық «Барселонаның» қорғаушысы Самюэль Умтитиге қызығушылық танытып отыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Le10Sport басылымының мәліметінше, «МЮ» 25 жастағы қорғаушы үшін 50 миллион еуро төлеуге әзір. Бұл қадамға «қызыл сойқандар» «Лестердің» қорғауысы Харри Магуайрмен келіссөздің сәтсіз өтіп жатқаны және команданың қорғаушысы Эрик Байидің жарақат алуы себеп болып отыр.

Умтити «Барселонаға» 2016 жылы «Лионнан» 25 миллион еуроға ауысып келген болатын. Каталондық клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін созылған.

Бөлісу

.