26 тамыз, Дүйсенбі

Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды

0

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов енді әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-де өнер көрсететін болады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

М-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (11-0) UFC-мен келісімшартқа отырды. Сүйінші жаңалықпен оның менеджері Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Оның сөзінше Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі қараша айына жоспарланып отыр. Осылайша Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов  M-1 Challenge 101 турнирінде ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) жұдырықтасып, M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. Ал 28 маусым күні елордада бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы жекпе-жекте титуыл қорғап қалды.

Бөлісу

.