5 сәуір, Жексенбі

Дмитрий Баландин әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дмитрий Баландин Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жартылай финалға жолдама алды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы. 

Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жартылай финалға жолдама алып,  аталған қашықтықты 2:09.27 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, жалпы есепте 11-ші орынға тұрақтады. Ал өз тобында Олимпиада чемпионы бесінші нәтиже көрсетті.  Әзірге бірінші орында австралиялық Мэттью Уилсон (2:07.29) тұр. Екінші орында ресейлік Антон Чупков (2:08.22). Үздік үштікті германиялық Марко Кох (2:08.70) қорытындылаған.

Айта кетейік, Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Жартылай финал бүгін кешкі уақытқа жоспарланған.

Бөлісу

.