25 қаңтар, Сенбі

Дамир Исмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Этникалық қазақ Дамир Исмағұловқа UFC-дің Қытайдағы турнирінде кіммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

M-1 Global ұйымының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Дамир Исмағұлов 31 тамыз күні Қытайдың Шеньжень қаласында өтетін UFC Fight Night 157 турнирінде сынға түседі.  Қандасымыз бразилиялық спортшы Тиаго Мойзеске (12-3) қарсы жұдырықтасады.

Күне кеше UFC-де жұдырықтасып жүрген этникалық қазақ спортшысы «Боец» клубы, UFC ұйымы және M-1 Global халықаралық компаниясының келіссөзінен кейін 30 тамыз күні Орынбор қаласында өтетін M-1 Challenge 104 турнирінде бақ сынайтыны белгілі болған еді.

Бұған дейін шешенстандық аралас жекпе-жек майталманы Зубайра Тухугов Дамир Исмағұловпен шаршы алаңда кездесуден бас тартқанын жазған болатынбыз. Қос спортшы 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде жұдырықтасуы қажет еді.

Бөлісу

.