5 сәуір, Жексенбі

Мейірім Нұрсұлтанов Ресей жерінде шаршы алаңға шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың кезекті жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Кәсіпқой бокста әлі жеңілістің дәмін татпаған отандасымыз 24 тамыз күні Ресейдің Челябинск қаласында өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізеді. Кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, 8 кездесуде қарсыласын нокаутпен ұтқан отандасымыздың жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған. Әзірге қарсыласы белгісіз. 

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) британиялық боксшы Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін 24 наурыз күні пуэрторикалық Луис Эрнандеске қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Бөлісу

.