19 қыркүйек, Бейсенбі

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі өтпейтін болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) шілде айының соңына жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Данияр Елеусінов 27 шілде күні  АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы College Park Center кешенінде өтетін бокс кешінде мексикалық Оскар Кортеспен (27-4, 14 КО) жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда отандасымыздың денсаулығы сыр бергеніне байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды. Келесі айқасы тамыз айының соңында не күздің алғашқы айында өтеді деп жоспарланған.

26 жастағы мексикалық боксшы кәсіпқой рингтегі мансабында 31 жекпе-жек өткізген. Оның 27-де жеңіске жетіп, 14 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Қалған 4 кездесуінде есе жіберген екен.

Бөлісу

.