19 қыркүйек, Бейсенбі

Ардақ Назаровтың шәкірті қырғызстандық қарсыласына есе жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровтың шәкірті Мырза Еркінбек қырғызстандық спортшыға есе жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Мырза Еркінбек Abadan Fighting Championship 7 турнирінде сынға түсті. «Алем файтерс» кəсіпқой спорт клубы спортшысы қырғызстандық Жоробек Тешебаевпен жұдырықтасып, қылқындыру әдісімен жеңіліске ұшырады. Жекпе-жекті әжептеуір бастаған отандасымыз бір ғана қателікке бой алдырып, жеңілістің кермек дәмін татты.

Айта кетейік, Мырза Еркінбек әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен әлем чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін NFC 14 турнирінде  өзбекстандық Дадохан Хасановқа қарсы өткізген болатын.

Бөлісу

.