7 сәуір, Сейсенбі

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы Ақ орданың ресми сайтына сілтеп.

Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.

Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді. 

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 5 шілде күні Алматыда Доминика Республикасынан келген Хулио де Хесуспен өткізді. Қарсыласын 14 секундта нокаутқа түсіріп, отандастарымызға жарқын жеңіс сыйлады. 

Бөлісу

.