26 тамыз, Дүйсенбі

Жеңіліс дәмін татпаған қазақ боксшысы Ресей жерінде жекпе-жек өткізеді

0

Қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұлов (2-0-2) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз 20 шілде күні Ресейдің Геленджик қаласында өтетін кеште шаршы алаңға шығады. Отандасымыз швециялық былғары қолғап шебері Шади Гамхурмен (10-0, 8КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек  сегіз раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Темірлан Райымқұлов соңғы екі жекпе-жегінде қарсыласымен тең түссе, оның алдында екі жеңіске жеткен.

Бөлісу

.