26 тамыз, Дүйсенбі

Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы финалдық бәсекеге жолдама алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден Оңтүстік Кореяда  өтіп жатқан әлем чемпионатында аралас топтық бәсеке финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Оңтүстік Корея Кванджу қаласындағы дүбірлі доданы іріктеу кезеңінен соң Қазақстан командасы 81.6667 ұпай жинап, 9-шы орынға тұрақтады.  Бұл финалдық кезеңге өту үшін жеткілікті нәтиже. Қазақстан сапында Ольга Ездакова, Елена Крылова, Дженифер Русанова, Екатерина Симонова, Жәния Жиенғазы, Карина Абдулина, Этери Какутия, Ксения Макарова, Наргиз Болатова, Әйгерім Құрманғалиевалан сынға түсті.

Айта кетейік, әзірге алғашқы үштікте Ресей, Қытай және Украина командалары тұр.

Бөлісу

.