23 қараша, Сенбі

Головкин күзде мексикалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізбейтін болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Бүгін белгілі болғандай GGG қыркүйек айында «Канеломен» жұдырықтаспайды.  The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Геннадий Головкин күзде мексикалық жас боксшы Хайме Мунгуямен жекпе-жек өткізуі мүмкін.

22 жастағы боксшы мансабында 33 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал 26 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Бөлісу

.