26 тамыз, Дүйсенбі

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

0

Кәсіпқой рингте бір ғана жекпе-жек өткізген боксшы Изим Избаки тамыз айында шаршы алаңға оралады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

BoxRec.com порталының мәліметінше, Изим Избаки 24 тамыз күні АҚШ-тың Броукен-Эрроу қаласында өтетін бокс кешінде жергілікті былғары қолғап шебері Армонте Саммерспен жұдырықтасады. 26 жастағы америкалық боксшы мансабында екі жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіп, екіншісінде ұтылған. Аса ауыр салмақта өтетін жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Изим Избаки кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Эстонияның астанасы Таллин қаласында өткізіп, белорусь Олег Заблоцкийді (0-9) ұтқан.

Бөлісу

.