26 тамыз, Дүйсенбі

Батыр Жүкембаев «Канелоның» бұрынғы қарсыласымен жекпе-жекке шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) кезекті жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионына қарсы өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіліс дәмін татпаған отандасымыз 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 32 жастағы мексикалық Мигель Васкес (41-8, 15 КО) болмақ. Мексикалық боксшы 2010 және 2014 жылдар аралығында жеңіл салмақтағы IBF тұжырымының әлем чемпионы атанған. Бүгінге дейін 49 кездесу өткізіп, тек 8 айқасында ғана есе жіберген. 15 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондай-ақ Мигель Васкес кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жекпе-жегін 2006 жылы Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша жеңілген. Араға екі жыл салып, Канеломен қайта кездескен. Бұл жолы да ұпай саны бойынша есе жіберген.

Айта кетейік, Батыр соңғы жекпе-жегінде Луис Хесус Видалесті техникалық нокаутқа түсіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын.

Бөлісу

.