26 тамыз, Дүйсенбі

«Астана» Чемпиондар лигасымен қош айтысты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Астана» командасы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында  «ЧФР Клужға» қарсы өткізген қарымта кездесуде жеңілісіке ұшырады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы матчта Қазақстан чемпиондары минималды есеппен жеңіске жеткен «Астана» командасы қарымта кездесуде 1:3 есебімен ұтылып, Чемпиондар лигасымен қош айтысты.  Ойынның 4-минутында Роман Мұртазаев алыстан жойқын соққы жасап, «Астананы» алға шығарған еді.  Бірақ алаң иелері есепті жылдам теңестіріп тастады. Алты минуттан соң Бийель Омрани көзге түсті. Бірінші таймның ортасында Омрани «ЧФР-ды» алға шығарды. Командалар үзіліске кетер алдында румыниялықтар үшінші голын соққан, бірақ төреші бұл голды есептемеді.  Дегенмен 73-минутта Омрани хет-трик авторы атанды.  Румыниялықтар бұл голдан кейін де шабуылдарын тоқтатпады. «Астана» Чемпиондар лигасында қалу үшін соңғы минуттарда бар күшін салып, қарсыласты өз айып алаңына тықсырып тастай алмады. Соңғы секундтарда Ронгело Янга қақпадан бір метр жерде тұрып гол соға алмай қалды.

Қорытынды есеп – 3:1, Омрани өз командасын келесі кезеңге алып шықты. Ал «Астана» енді Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

ЧФР (Клуж, Румыния) – «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 3:1 (2:1)

Голдар: Мұртазаев 4 (0:1), Омрани 10 (1:1), Омрани 26 (2:1), Омрани 73 (3:1)

Бөлісу

.