26 тамыз, Дүйсенбі

Дамир Исмағұлов Орынборда жекпе-жек өткізеді

0

UFC-де жеңіске жеткен тұңғыш қазақ Дамир Исмағұлов келесі жекпе-жегін Ресей жерінде өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

UFC-де жұдырықтасып жүрген этникалық қазақ спортшы «Боец» клубы, UFC ұйымы және M-1 Global халықаралық компаниясының келіссөзінен кейін 30 тамыз күні Орынбор қаласында өтетін M-1 Challenge 104 турнирінде бақ сынайды. Әзірге қарсыласы белгісіз. 

Бұған дейін шешенстандық аралас жекпе-жек майталманы Зубайра Тухугов Дамир Исмағұловпен шаршы алаңда кездесуден бас тартқанын жазған болатынбыз. Қос спортшы 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде жұдырықтасуы қажет еді.

Айта кетейік, Дамир Исмағұлов UFC тұжырымында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.

Бөлісу

.