26 тамыз, Дүйсенбі

Ақтауда дзюдодан Азия кубогы жалауын желбіретеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ертең Ақтауда «Маңыстау-арена» спорт кешенінде дзюдодан Т.Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы жалауын желбіретеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілетін турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Ресей және Испаниядан 250-ден аса татами шебері қатысады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпайлар қосылады. 1 орын алған спортшыға 100 ұпайдан берілсе, 2 орын алған жүлдегерге 60 ұпайдан, 3 орын иеленген дзюдошыға 40 ұпайдан қосылады.

Жарыс бағдарламасы:

18 шілде

Жарыстың басталуы – 10:00

Ерлер: — 60 кг, — 66 кг, — 73 кг

Әйелдер: — 48 кг, — 52 кг, — 57 кг, — 63 кг

Жарыстың ашылу салтанаты – 16:30

Ақтық белдесулер – 17:00

19 шілде

Жарыстың басталуы – 10:00

Ерлер: — 81 кг, — 90 кг, — 100 кг, +100 кг

Әйелдер: — 70 кг, — 78 кг, +78 кг

Ақтық белдесулер – 17:00

Бөлісу

.