26 тамыз, Дүйсенбі

Бұрымды балуандарымыз халықаралық турнирден жүлделі оралды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы «Яшар Догу» рейтингілік турнирінде үздіктер қатарынан көрінді,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Түркияның Стамбул қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен «Яшар Догу» халықарылық турнирі өз мәресіне жетті.  Қазақстан әйелдер командасы аталған сыннан үш медаль жеңіп алды.  55 келідегі Зүлфия Яхъярова финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды. Осы салмақта бақ сынаған Марина Седневаның еншісінде қола медаль бар. Сондай-ақ, 65 келідегі Айна Теміртасова үздік үштікке енді.

Айта кетейік, ерлер арасында Ілияс Жұмай 70 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Бөлісу

.