26 тамыз, Дүйсенбі

Жалғас Жұмағұлов UFC-дің бұрынғы спортшысымен жекпе-жекке шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегін UFC-дің бұрынғы спортшысына қарсы өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Fight Nights Global тұжырымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегінде UFC тұжырымында өнер көрсеткен Али Багаутиновпен (19-6) кездеседі. 19-қазан күні Сочи қаласында өтетін Fight Nights Global турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын қос спортшы еңжеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады. Нақтырақ айтар болсақ, Жалғас өзінің чемпиондық белбеуін қорғайды.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 31-тамызында Тагир Уланбековке қарсы өткізіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Одан бөлек, отандасымыз Алидің туған бауыры Артур Багаутиновты нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.