26 тамыз, Дүйсенбі

Қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде көтерілді

0

Қазақстандық боксшы Иван Дычконың мансабындағы тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде америкалық Нейт Хэвенмен жұдырықтасқан Иван Дычко қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді.

Осы жеңісінен соң Иван Дычко BoxRec рейтингінде бір сатыға көтеріліп, 74-ші орынға жайғасты.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде Рэй Остинмен қолғап түйістіріп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Иван Дычко кәсіпқой бокстағы сегіз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Бөлісу

.