19 қыркүйек, Бейсенбі

Президент Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті Гран При жарысындағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Президент Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметовті кезекті жеңісімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Белгілі спортшымыз Елдос Сметовті әлемдік дзюдо додасындағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Жарайсың бауырым! Биік шыңдарға жете бер! Өзің сияқты спортшылардың жетістіктері — жас буынға жақсы үлгі», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

Бөлісу

.