19 қыркүйек, Бейсенбі

Қос Елдос Гран При финалына шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран При турнирінің іріктеу кезеңдері аяқталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов (60 кг) пен Елдос Жұмақанов (66 кг) финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, жарыстың ақтық финалына жолдама алды.

Жарыс фавориті саналған отандасымыз жартылай финалда нидерланд спортшы Торнике Цжакадоеаны ұтты. Ал Елдос Жұмақаноы болса ақтық белдесу үшін жолдаманы испаниялық Гайтеро Мартин Альбертомен сарапқа салды. Нәтижесінде, отандасымыз қарсыласын уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді.

Финалдық кезеңдер елдора уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Бөлісу

.