18 шілде, Бейсенбі

Елдос Сметов Венгриядағы Гран-при турнирдің алтынына таласады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елдос Сметов Венгрияда өтіп жатқан әлемдік «Grand Prix» турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің ақтық сынына шықты. Отандасымыз өз жолынан ирандық балуанды,  өзбек спортшы Кемран Нуриллаевты және тайпейлік дзюдошыны ығыстырды. Ал жартылай финалда недерландық спортшы Тшакадуа Торникені иппонмен жеңіп, алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік болды. Финалда моңғолиялық Болдбатар Ганбатпен кездеседі.

Айта кетейік, бұл дүбірлі додаға әлемнің 85 елден 600-ден астам дзюдошы қатысып жатыр.

Бөлісу

.