26 тамыз, Дүйсенбі

«Қайрат» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» сырт алаңда босниялық «Широки Бригені» жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Алексей Шпилевский шәкірттері Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. «Широки Бригенің» алғашқы минуттардағы қарқынына қарамастан  алғаш есепті «Қайрат»  ашты. Алаң ортасынан әдемі паспен Бауыржан Исламхан украиналық легионео Адеринсол Эсеолоны қақпашымен бірге-бір шығарды. Шабуылшы берілген мүмкіндікті ұтымды пайдалана білді.  Өз қақпасына гол жіберіп алған соң, босниялықтар күшке мінді. Көп ұзамай ақ, есеп теңесті. Айып алаңның сыртынан Иван Енин, допты тоғыздықты тура дәлдеді. Дегенмен екінші таймда «Қайрат» жеңісті жұлып алды. Тағы да сол Эсеола көзге түсіп, «Қайратқа» жеңіс сыйлады. Алаң иелерінде жауапты голды соғатын бірнеше мүмкіндіктер болды. Бірақ, бірінде Исламбек Қуат допты қақпадан алып шықса, екінші бір сәтте Стас Покатилов ерлік танытты.

Айта ктейік, «Қайрат» пен «Широки Бриег» арасындағы қарымта кездесу 18 шілде күні өтеді.

Бөлісу

.