19 қыркүйек, Бейсенбі

WBC рейтингі. Қазақ боксшыларының жағдайы қалай?

0

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінде рейтингіні жаңартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 19-шы сатыдан 17-ші орынға көтерілді. Ал Айдос Ербосынұлы 32-ші орында қалды.

Орта салмақтың көшін Геннадий Головкин бастап тұр. Мейірім Нұрсұлтанов болса бір саты ілгерілеп, 24-ші болып тіркелді. Жәнібек Әлімханұлы да жағдайын жақсартып, Мейірімнен бар болғаны екі сатыға қалып тұр.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Садриддин Ахмедов екі саты көтеріліп, рейтингінің 33-ші сатысын жайғасты.

Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақтағы орнын өзгертпеді — 19-шы орын.

Жеңіл салмақта WBC Intenational белбеуін иемденген Виктор Коточигов үздік 40 боксшының (37-ші) қатарына енді.

Бөлісу

.