18 шілде, Бейсенбі

Иван Дычко кезекті жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Иван Дычконың алдағы жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде америкалық Нейт Хэвенмен жұдырықтасатын Иван Дычко ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде Рэй Остинмен қолғап түйістіріп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы сегіз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Бөлісу

.