19 қыркүйек, Бейсенбі

«Астана» УЕФА рейтингінде ең үздік 50 клубтың қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Астана» футбол клубы УЕФА рейтингінде ең үздік 50 клубтың қатарына кірді,  — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Еурододаны сәтті бастаған қазақстандық клубтар УЕФА рейтингіндегі жоғарылады. «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу турында румыниялық «ЧФР Клужды» өз алаңында 1:0 есебімн жеңді. Артынша Еуропа лигасындағы үш командамыз жеңіс жолын жалғастырды. «Қайрат» босниялық «Широки Бриегте» сырт алаңда басым түссе, «Ордабасы» Шымкентте грузиялық «Торпедоны» ұтты. Тек «Тобыл» Люксембургте жергілікті «Женесспен» тең түсті. Елордалық «Астана» 7 сатыға көтеріліп, 50-шы орынға жайғасса, «Қайрат» 208-ден 177-ші сатыға жоғарылады. Ал «Тобыл» 260-тан 273-ші орынға сырғыса, «Ордабасы» 264-тен 274-ші сатыға төмендеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан еурокубок рейтингінде 9 сатыға көтерілген болатын.

Бөлісу

.