19 қыркүйек, Бейсенбі

Данияр Елеусінов мексикалық боксшымен қолғап түйістіреді

0

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

27 шілде күні  АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы College Park Center кешенінде өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын отандасымыз мексикалық Оскар Кортес (27-4, 14 КО) қолғап түйістіреді.

26 жастағы мексикалық боксшы кәсіпқой рингтегі мансабында 31 жекпе-жек өткізген. Оның 27-де жеңіске жетіп, 14 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Қалған 4 кездесуінде есе жіберген екен.

Бөлісу

.