26 тамыз, Дүйсенбі

Арман Әшімов: Жақында қайта ораламын

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов Instagram желісінде жанкүйерлеріне үндеу жасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Құрметті, менің жанкүйерлерім. Жақында қазақ елін қуанту үшін қайта ораламыз. Әр жекпе-жек сайын тақымын қысып, жанкүйер болатын сіздерді жерге қаратпауға, әрқашан елімнің абыройын асқақтатуға барымызды саламыз, — деп жазды Арман Әшімов.

Айта кетейік, Арман Әшімов соңғы жекпе-жегін 30 наурыз күні Алматыдағы M-1 Challenge 101 турнирінде өткізіп, жеңілмеген бразилиялық файтер Кайк Аленкарды (9-1) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Одан кейін Арман Әшімов Зайсанда жекпе-жек спортнынан сынға түсіп, жеңіске жетті. Отандасымыз маңғолиялық спортшыға қарсы жұдырықтасып, бірінші раундта-ақ жойқын соққысымен ауыр нокаутқа жіберді.  

Бөлісу

.