19 қыркүйек, Бейсенбі

Ольга Рыпакова «Гауһар лигасында» бақ сынайды

0

Бүгін Монакода жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасы» турнирі бастауын алады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Екі күндік жарысқа Қазақстанның атынан жалғыз спортшымыз — Ольга Рыпакова қатысады. Атлетіміз үш қарғып секіруден жүлдеге таласып көрмек. 

Барлығы бұл жарысқа 11 спортшы қатысады. Оның ішінде әлемдік көшбасшылар Катрин Ибаргуэн (Колумбия), Юлимар Рохас (Венесуэла), Ольга Саладуха (Украина) секілді спортшылар бар. 

Бөлісу

.