18 шілде, Бейсенбі

Жеңілмеген қазақ боксшысы АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Искандер Харсан келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Искандер Харсан кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін қыркүйек айында АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге боксшы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Искандер Харсан соңғы жекпе-жегін 28 наурыз күні Алматы қаласында өткізіп, грузиялық Джаба Мемишишиді (8-10, 1 КО) екінші раундта нокаутпен ұтты. 

Бөлісу

.